Главная » 2015 » Февраль » 26 » Әйгерім Қалаубаеваны бейнебаян түсіріп жатқанда тонап кетті
11:54 AM
Әйгерім Қалаубаеваны бейнебаян түсіріп жатқанда тонап кетті

Қазақ эстрадасының белгілі әншілерінің бірі Айгерім Қалаубаеваны тонап кетті. Ең жаманы бұл "сұмдық" оқиға әншінің көптен күткен жаңа клипін түсіру барысында болған.

Әйгерім Қалаубаеваны бейнебаян түсіріп жатқанда тонап кетті

Ұсақ-түйекті айтпағанда, ұрланған заттар арасында Әйгерімнің сатып алғанына көп болмаған, яғни, әлі ыстық-суығы да басылмаған "iPhone 5s 16GB Silver" маркасындағы ұялы телефоны бар.

Қанша қымбат болса да, бірақ әнші оған аса қынжыла қоймағанын айтады. Әрине, ол оның ақшасы тасып, қалтасына сыймай жатқандығынан емес, сабыр сақтай білгенінде болып тұр ғой.

Қалаубаеваны жақсы танитын жандар оның қашанда позитивті көңіл күймен жүретініне сүйсініс білдіреді. Онысын әнші біз хабарласқанда да дәлелдей түсіп: "есесіне телефоным жаңарды, менде енді iPhone 6 бар" деп күлді.

"Тек көптеген керек контактілерден айрылып қалғаным көңілді қынжылтады", - деп сөзін жалғады ол.
Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/355588.html

Просмотров: 290 | Добавил: aidu4ka | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
avatar