Главная » 2015 » Февраль » 26 » Мәдина Сәдуақасова жеке өміріне қатысты құпиясымен бөлісті
10:25 AM
Мәдина Сәдуақасова жеке өміріне қатысты құпиясымен бөлісті

Мәдина өзінің "Forbes" журналындағы бай әншілер тізімінде төртінші екенінің рас-өтірігі туралы ойымен бөлісті.

"Қалай десем екен?.. Роза Бағланова "Халық өзінің жақсы көретін әншісін аш қалдырмайды, тоңдырмайды және жаяу жүргізбейді" деген болатын. Расында, екінші рет тұрмысқа шыққанға дейін менде бәрі болды: Астананың орталығынан элиталы үй, түрлі қымбат әшекейлер, киім-кешек, бәрі-бәрі... бірақ, мен оған өзімді бай, бақытты сезінген жоқпын. Себебі кешке үйге келгенде мені сұп-суық бөлмелер қарсы алатын", - дейді әнші.

Екінші рет тұрмысқа шыққанға дейін менде бәрі болды: Астананың орталығынан элиталы үй, түрлі қымбат әшекейлер, киім-кешек, бәрі-бәрі... бірақ, мен оған өзімді бай, бақытты сезінген жоқпын.

Ол өзін түсінетін, өзін күтетін тірі жан жоқтығына қапа болған.

"Кейде көз жасыма ерік беріп: "қашан менің өз отбасым болады екен?.." дейтінмін. Қазір менің жанымда күйеуім, балам, енем, екі қайным бар. Мейлі зәулім сарайда тұрмайтын шығармыз, бірақ бақытты болуымызға аядай болса да сол үш бөлменің өзі жеткілікті екен. Әр таңда ұлымның үйді басына көтере жылап оятқаны, бәріміздің соған азан-қазан болғанымыздың өзі сөзбен жеткізе алмас бір бақыт", - деп ағынан жарылған Мәдина.

Сондай-ақ, ол өзінің болашақ жары  Олжаспен арадағы "оқыс оқиға" туралы айтып берді.

"Осыған дейін еш жерде айтпаған едім, негізі оқиға былай болды: "Екі-үш жылдай бұрын Астанада жүрген кезімде кенет маған оқыс хабар жетті. Қоңырау шалып тұрған Алматыдағы пәтеріммен іргелес көршім екен: "Мәдина, сіздің үйіңіздің есігі ашық тұр, соған қарағанда, ұры түскен-ау" деді. Даусы дірілдеп тұр. Қапелімде не істерімді білмей сасқалақтадым да қалдым. "Құдай-ау, кімге айтамын, не істеймін?" деп тұрғанымда, неге екенін білмеймін, ойыма бірден Олжас түсті. Дереу ұялы телефонымдағы контактілер арасынан соның нөмірін тердім. Ол артық сөзге келместен, бірден айтылған адреске "ұшты". Артынша "Мәдина, өзіңе бекем бол, үй ішінің астаң-кестеңі шығып жатыр, ұры түсіпті" деді. Көндім. Не істей аламын. Бірақ мен ол "тонаудан" ештеңе жоғалтқан жоқпын, қайта өзімнің нағыз өмірлік серігімді таптым", - деді Сәдуақасова.

Шынымды айтсам, қазақта мұндай жазушы барын білсем де, шығармаларын оқымаған екенмін оған дейін. Бала күтіп үйде отырған бір жылда, "өз айыбымды өтедім"

Мәдина Сәдуақасова ел көкейінде жүрген сұрақтардың біріне жауап берді. Ол өзінің танымал жазушы Қабдеш Жұмаділовтің келіні екенін растады.

"Ия, рас. Шынымды айтсам, қазақта мұндай жазушы барын білсем де, шығармаларын оқымаған екенмін оған дейін. Бала күтіп үйде отырған бір жылда, "өз айыбымды өтедім", - дейді әнші.

Сонымен қатар, ол өзінің тағы да жүкті екені туралы ақпарға қатысты түсінік берді.

"Мен жайлы мұндай ақпарат қайдан шыққанын білмедім. Әйтеуір елдер қоңырау шалып, хабарлама жазып, әр түрлі желілер арқылы құттықтап жатты. Тіпті өзім де "солай боп қалды ма, шынында" деген ойға қалдым. (күлді) Бірақ, ол тек жақсы сөз болды... Кім білсін?", - деп аяқтады өз ойын әнші Мәдина Сәдуақасова.
Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/356815.html

Просмотров: 334 | Добавил: aidu4ka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar